Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келісі 128 теңге": Танымал блогер Қазақстан мен шетелдегі сәбіз бен картоп бағасын салыстырды

Опубликовано:

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Танымал блогер, көпшілікке "Баспанаға бағыт" жобасымен танылған Дәулет Төлеутайұлы шетелдегі орташа жалақыны және сәбіз бен картоп бағасын Қазақстанмен салыстырды. Грузия еліне саяхаттап барып қайтқан блогер ол жақта көкөніс бағасы арзан, ал ең төменгі жалақы біздің елден жоғары екенін айтады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көпшілікке dauletten парақшасы арқылы танылған блогер, алдымен Грузияның Батуми қаласындағы көкөністер бағасын жария еткен.

Оның айтуынша, Батумиде картоптың келісі небары – 128 теңге тұрса, қиярдың бағасы – 81 теңге.

"Батумидегі бағалар: картоп келісі 128 теңге, пияз - 149 теңге, сәбіз - 372 теңге, қант - 270 теңге, жұмыртқаның 1 данасы - 65 теңге, сүт - 480 теңге, орамжапырақ - жеңілдікпен 180 теңге, қияр - 81 теңге, қызанақ - 236 теңге, болгар бұрышы - 330 теңге. Біздің елдегі бағамен салыстыра отырыңыздар. Батумидегі ең төменгі айлық мөлшері - 55000 теңге. Ал бізде 42500 теңге. PS: 1 лари = 135 теңге", - дейді ол.

Дәулет Төлеутайұлының сөзінше, оқырмандарының бірі оған Дубайдағы сәбіз бен картоп бағасын да видеоға түсіріп жолдаған.

Ер адам онда картоп бағасы – 330 теңге, ал бір келі сәбіздің бағасы – 550 теңге екенін айтады.

"Батумидегі сәбіз бен картоп бағасын білдіңіздер. Бүгін Дубайдағы бағаны білейік. Оқырманым жіберген видео. Дубайдағы ең төменгі айлық - 4 000 00 теңге. Ал бізде 42 500 теңге", - дейді танымал блогер.

Еске сала кетейік, елімізде бірнеше апта бұрын картоп пен сәбіз бағасы күрт өскен болатын.

Ал, демалыс күні елордадағы жаңадан салынған сауда орнында сатылымға қойылған сәбіз табылмай қалған еді.

Кейін ел үкіметі елдегі көкөністердің бағасы не себепті қымбаттағанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918864-kelisi-128-tenge-tanymal-bloger-qazaqstan-men-seteldegi-sabiz-ben-kartop-bagasyn-salystyrdy/

pixel