Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сайрам-Өгем" шатқалынан денесі табылған жігіт осыған дейін жоғалған жеті туристің бірі екені расталды

Опубликовано:

Тау
Фото: ТЖМ

Түркістан облысының полиция департаменті бүгін "Сайрам-Өгем" шатқалынан денесі табылған жігіт осыған дейін жоғалған жеті туристің бірі екенін растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство бүгін сағат 11:45-те құтқарушылар Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында тағы бір адамның денесін тапқанын еске салды.

Оқиға орнына Төлеби аудандық полиция бөлімінің тергеу тобы барған.

"Марқұмның денесі тікұшақ арқылы Шымкент қаласына жеткізіліп, туыстары оны таныды. Ол "Сайрам-Өгем" шатқалында жоғалып кеткен студенттердің бірі - Атырау облысының тұрғыны", - делінген Түркістан облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.

Еске салайық, Төле би ауданының "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамырда түскен болатын.

Оның үшеуі аман-есен табылып, үйлеріне қайтарылды.

Ал 29 мамыр күні сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің денесі Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылған.

Сонымен қатар, 12 маусым күні Түркістан облысының "Сайрам-Өгем" шатқалынан тағы бір адамның денесі табылды. Кейін ол Өгем шатқалында жоғалған 2004 жылғы турист екені белгілі болды. Жоғалған жігіттің әкесі ұлын таныған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918892-zogalgan-zeti-turistin-biri-sairam-ogem-satqalynan-tabylgan-zigittin-denesin-tuystary-tanydy/

pixel