Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістаннан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды

Опубликовано:

Ұшақ борты
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістаннан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды деп хабарлайды Otyrar.kz.

Аптаның басында Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан "Түркістан-Ташкент" бағытында "Fly Arystan" әуе компанияның ұшағы көкке көтерілді.

Тұрақты рейстер әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндеріне белгіленген деп жазады басылым.

Аталған бағыттағы билеттің құны 9 999 теңгеден басталады. Сонымен қатар қайтар уақытта аталмыш әуе компаниясының ұшағы арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына жетуге мүмкіндік бар. Бұл бағытта билеттерді брондау бүгінгі күннен басталды.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайынан ұшып шыққан FlyArystan компаниясының әуе кемесі қайта оралған болатын.

16 маусым күні сағат 14.34-те Нұр-Сұлтаннан Алматыға қарай бағыт алған KC7056 рейсі техникалық себептермен қайта оралған.

Сонымен қатар, Алматы әуежайында бір ұшақ екіншісін жанап өткен еді. Оқиға орнынан түсірілген суреттер интернетте жария болды.

Белгілі болғандай, екі ұшақ та Air Astana-ға тиесілі. Әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі оқиға 29 мамырда Алматы әуежайында болғанын хабарлады. Бұл сәтте бортта жолаушылар болмаған, оқиға ұшақты сүйреу кезінде болған.

Ангардың техникалық тұрағы аймағында техникалық жұмыстар жүргізу үшін ұшақты тіркеп сүйреу кезінде A320 ұшағы Boeing 767 ұшағының тұрақтандырғышын шарклетімен жанап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918901-turkistannan-taskentke-zana-xalyqaralyq-aue-reisi-asyldy/

pixel