Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полицей қызметінен босатылды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полицей қызметінен босатылды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті тәртіптік комиссиясының 21 маусымдағы шешімімен теріс іс-қылық жасағаны үшін Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Берік Ибрашев ішкі істер органдарынан босатылған.

Оның тікелей басшылары да қатаң тәртіптік жауапкершілік тартылған.

Сондай-ақ, Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының 21 маусымдағы қаулысымен Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 608-бабы 3-бөлігіне сәйкес Берік Ибрашев жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Еске сала кетейік, жол көлік оқиғасы 13 маусым күні сағат 02.39-да М. Шолохов пен Ғ. Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болған.

Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы "Фольксваген Пассат" көлігімен арақашықтықты сақтамай, алда кетіп бара жатқан, 33 жастағы әйел жүргізген "Ауди А4" автокөлігімен соқтығысуға жол берген.

Ведомство екі жүргізуші де медициналық куәландыруға жіберілгенін хабардар етті.

Полиция қызметкері 12 маусым күні кешкісін үйінде аздаған мөлшерде спирттік ішімдік ішкенін, сосын ұйықтауға жатқанын айтқан. Бірақ сағат 02.15-те жұмысқа шақыртқаннан кейін автокөлік рөліне отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918930-oralda-mas-kuiinde-zol-apatyn-zasagan-policei-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel