Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында бүтін бір отбасы ыстан уланып қалды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысы, Баянауыл ауылында бір қабатты тұрғын үйде қатты отынмен жылыту пешінен ақау шығып, салдарынан бір отбасының барлық мүшесі улы газдан уланған деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 маусымда сағат 00.30-да Баянауыл аудандық ауруханасынан ыстан улану туралы хабарлама түскен.

"Уланған отбасы мүшелері – 1967 жылы туған әже, үйдің иесі – 1992 жылы туған ер азамат, 1995 жылы туған жұбайы және олардың балалары 2014, 2020 жылдары туған ұлы мен қызы. Барлығы Баянауыл аудандық ауруханасына жатқызылды. Улы газбен ауыр дәрежеде улану диагнозы қойылды. Отбасының жағдайы тұрақты деп бағалануда", – дейді полиция департаментінен.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті жылыту пештерін пайдалану алдында, жылыту маусымынан кейін, пештер мен мұржаларды тазалау, жөндеу және әктеу, жарықтарды жөндеу қажет екенін еске салады.

Еске салса кетсек, 3 маусым күні Атырау облысы Қарабатанда салынып жатқан газхимия кешеніндегі "BazisConstruction" ЖШС-нің 23 жұмысшысы асханада түскі астан уланып қалған еді.

Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала диагноз – тағамдық токсикоинфекция. Уланғандардың ең кішісі 20 жаста, ең үлкені 49-да.

Сонымен қатар, "BazisConstruction" ЖШС-нің 300-ден астам жұмысшысын дәрігерлер бақылауына алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918934-bayanauyl-audanynda-tutas-bir-otbasy-ystan-ulanyp-qaldy/

pixel