Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да бір күнде коронавирустан 138 адам сауығып шықты

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Батыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте індет жұқтырған 13 науқас тіркеліп, 138 адам коронавирустан сауығып шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 8,4 пайызға (44 науқасқа) төмендеді.

Жыл басынан бері облыс бойынша 14880 адамнан коронавирус табылып, соның 9910-ында ауру белгілері байқалса, 4970-сінде симптом болмаған.

Науқастардың дені, яғни 55,6 пайызы (8275) Орал қаласы, 14,3 пайызы (2130) Бәйтерек, 11,1 пайызы (1662) Бөрлі ауданында тіркелді.

Қазіргі таңда облыста 442, соның ішінде Орал қаласында 364 науқас инфекциялық стационарларда емделіп жатса, соның 35-і жансақтау бөлімінде.

Пандемия басталғаннан бері өңірде коронавирус жұқтырған 24101 адамның 19356-сы емделіп шықты. 361 адам көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918941-bqo-da-bir-kunde-koronavirustan-138-adam-sauygyp-syqty/

pixel