Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"25-30 сараптама тағайындалды": Адвокат Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеуге пікір білдірді

Опубликовано:

Аяжан Еділова111
Фото: Алматы телеарнасы

Алматыда асқан айуандықпен өлтірілген Аяжан Еділованың ісіне қатысты тергеу жұмыстары қалай өтіп жатқаны белгілі болды. Бұл жөнінде жәбірленуші тараптың адвокаты Қадыржан Ғалымжанұлы пікір білдірді.

Заңгер "Информбюро 31" телеарнасына эксклюзивті сұхбат беріп, күллі Қазақстандық дүрсілкіндірген істің мән-жайын айтты.

"Қазіргі таңда төрт айға жуық уақыт өтті. Орта есеппен 25-30 сараптама тағайындалды. Олардың жартысына жауап келсе, жартысына жауап келген жоқ. Себебі, сарапшыларға қойылған сұрақтар өте күрделі. Ол сұраққа жауап беру үшін сарапшылардың өздері мұндай іспен айналыспаған болу керек. Жауап беру қиынға соғып жатыр. Сол себепті олардың қорытындылары ұзаққа созылып жатқан жайы бар", - деді қорғаушы.

Сонымен қатар, Қадыржан Ғалымжанұлы Аяжан Еділованың ДНҚ сараптамасына қатысты жауап берді.

"Бұл сараптаманы бірден шықты деуге өте қиын. Себебі, ДНҚ-ның өзінің тәртіптері бар. Бірақ, уақытына сай жауаптары шыққан. Тергеу құпиясы деген нәрсе бар. Сол себепті, нақты қай сараптама шыққанын немес шықпағанын айта алмаймын. Бірақ, фоноскапия бойынша сараптама тағайындалудың екі жайы бар. Өйткені, нұсқа алатын адам жоқ. Ол үшін өзінің даусын сараптамаға беретін тұлға болу керек. Ал WhatsApp желісіндегі соңғы аудиожазбасын айтатын болсақ. Ол сарапшыларға екі түрлі сұрақ болады. Өйткені, олар түпнұсқаны алмағаннан кейін, түпнұсқа ретінде жауапты да бере алмайды", - деп мәлімдеді адвокат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918943-25-30-saraptama-tagaiyndaldy-advokat-ayazan-edilovanyn-olimine-qatysty-tergeuge-pikir-bildirdi/

pixel