Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ashyq: "Қызыл" мәртебесі бар ақмолалыққа 80 мың теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Степногор қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығына бармақ болған ASHYQ қосымшасында "қызыл" мәртебесі бар азамат анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Азамат карантинді сақтап, 2 апта үйде болуы керек, бірақ оның орнына ол басқаларға коронавирус жұқтыру қаупін тудыратын қоғамдық орынға барды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары тәртіп бұзушыға әкімшілік айыппұл салды. ҚР ӘҚБтК-нің 452-бабына сәйкес оның мөлшері 87 510 теңгені құрайды" , - дейді Ақмола облыстық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаменің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, құқық бұзушы 7 күн ішінде өзіне салынған айыппұлының жартысын төлеуге мүмкіндігі бар. ASHYQ ақпараттық платформасының арқасында Ақмола облысында 17 сәуір мен 18 маусым аралығында өзін - өзі оқшаулау режимін бұзудың 93 жағдайы тіркелді, оның ішінде 32 жағдай «қызыл», 61 жағдай «сары».

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918948-ashyq-qyzyl-martebesi-bar-aqmolalyqqa-80-myn-tenge-aiyppul-salyndy/

pixel