RU

Елордада көпбалалы отбасына төрт бөлмелі пәтер сыйға тартылды (видео)

Көпбалалы ана
Кадр: "Астана" арнасы

Елордада көпбалалы отбасы баспаналы болды. Он жылға жуық жалдамалы пәтерде күнелткен жанұяға қалалық мәслихат депутаты қолдау көрсетіп, төрт бөлмелі пәтердің кілтін табыстады деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Көпбалалы Сәнден Қорғанбаеваның қуанышында шек жоқ.

Елордалық депутат осыған дейін пәтерден пәтерге көшіп-қонып жүрген ананың сөзін жерге тастамай, оған бас қаланың қақ төрінен төрт бөлмелі пәтерді сыйға тартқан.

Одан бөлек, баспанаға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін үш миллион теңге берген.

"Өздері хабарласты. Келіп көріп, бәрімізді қуантып, алдымен сыйлығын әкеліп берді. Кейін пәтер беретіндерін айтты. Барлығымыз мәз болып қалдық", - дейді Сәнден Қорғанбаева.

Көпбалалы анаға пәтер сыйлаған Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan фракциясының мүшесі, кәсіпкер Ғабит Сатмағамбетов жеке қорынан соңғы бірнеше жылда 200-ге жуық отбасына пәтер үлестірген.

Алдағы уақытта да бұл игі іс жалғасын табатынын айтады.

"Қорға көптеген өтініш келіп түседі. Барлық ақпараттарды тексеріп, шын мұқтаж екені анықталған азаматтарға барынша көмек беруге тырысамыз. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға. Халықтың мұң-мұқтажын ескеру біздің басты міндет", - дейді ол.

Ал басты тілегі орынадалған Сәнден Қорғанбаева енді балаларнының болашағына алаңдамайды, олардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жағдай жасаймын дейді.

Ғ. Өтемісов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918961-elordada-kopbalaly-otbasyna-tort-bolmeli-pater-syiga-tartyldy-video/