Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшин Алматыда COVID-19-дың "үнді" штамы анықталған болуы мүмкін екенін растады

Опубликовано:

індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустың "үнді" штамы анықталған болуы мүмкін екенін растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз белгілі бір штамдар бойынша нақты зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Бір сынамадан "Нью-Йорк" штамы анықталды, зерттеуді жалғастыра отырып, кеше кешке қарай бір сынамада "Дельта" штамы болуы мүмкін екенін анықтадық. Таңертең біз бұған тағы да көз жеткіздік, қорытынды зерттеу жұмысын жүргіздік, бұл сынамада "үнді" штамы болуы мүмкін. Біз медициналық желіге хабарладық, дәрі-дәрмектердің бар-жоғын, төсек-орынның дайындығын тексеру қажет, жедел жәрдемге де хабарланды. Қажетті шаралар қабылданып жатыр", - дейді Бекшин.

Ол жаңа штамдарды анықтау үшін күнделікті зерттеулер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мәселен күн сайын оң нәтиже көрсеткен ПТР-ден 40 сынама алынып, "үнді" штамының бар-жоғы тексерлеуде екен. Сондай-ақ алты штамды анықтау үшін зерттеулер жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирустың "үнді" штамы Алматыдан да анықталған болуы мүмкін екенін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеген болатын.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қосымша тексеріс жүргізу мақсатында 54 науқастан сынама алынған еді. Олардың 56 пайызында алдын ала "үнді" штамы расталып ("Дельта" штамы) отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919033-beksin-almatyda-covid-19-dyn-undi-stamy-anyqtalgan-boluy-mumkin-ekenin-rastady/

pixel