Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшин алматылықтардың коронавирусты қай жерде жиі жұқтыратынын айтты

Опубликовано:

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін онлайн-брифингте алматылықтар қай жерде коронавирусты жиі жұқтыратынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ауру жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші сауда желісінде байқалды. 38%-ы инфекцияны сауда орындарында жұқтырады, олардың ішінде азық-түлік және азық-түліктік емес базарларды бөліп қарастырамыз – 12%. Сонымен қатар, гипермаркеттер, супермаркеттер.

Адамдар көп шоғырланған жерлерге де назар аударған жөн, мысалы саябақтар, демалыс аймақтары және жаяу жүргіншілер көшелері бар", – деді Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан да коронавирустың "үнді" штамы анықталған болуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтуынша, белгілі бір штамдар бойынша нақты зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бір сынамадан "Нью-Йорк" штамы анықталған, кеше кешке қарай тағы бір сынамада "Дельта" штамы болуы мүмкін екені анықталған.

Сонымен қатар, Бекшин "үнді" штамын жұқтыруы мүмкін пациент туралы да айтқан еді.

Оның сөзінше, бүгінде әйелдің екі құрылыс базарында болғаны және азық-түлік сатып алу үшін жақын маңдағы дүкенге кіргені белгілі болып отыр. Ол дертті сол жерлердің бірінен жұқтырған болуы мүмкін деген болжам жасалуда.

Сондай-ақ, оның күйеуі жұмыс бабымен барған жерлердің бірінде дерт таралып, ер адам дертті тасымалдаушыға айналған деген де болжам бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919049-beksin-almatylyqtardyn-koronavirusty-qai-zerde-zii-zuqtyratynyn-aitty/

pixel