Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшин: "Үнді" штамын көбіне жастар жұқтырады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың жаңа "дельта" штамы туралы айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Жандарбек Бекшин жаңа "дельта" штамының белгісі суық тию симптомдарына ұқсас екенін жеткізді.

Оның сөзінше, бұл штамды көбінесе жастар жұқтырады.

Басты симптомы – бас ауруы, тұмау, ангина, жоғары температура. Иіс сезу қабілеті жоғалмайды және жөтел болмайды, деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ іштің ауыруы, құсу, тыныс жолының тарылуы ықтимал.

Жандарбек Бекшин тек вакцина ғана ауруды жұқтырмауға әрі өлімді азайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Алматы қаласының бас санитар дәрігері бүгінгі онлайн-брифингте "үнді" штамын жұқтырған болуы мүмкін деген диагноз қойылған пациент жайлы айтты.

"Алматыда бір ғана жағдай тіркеліп отыр, десе де біз онымен байланыста болған барлық адамдарды тіркеуге алдық. Бұл пациент - үй шаруасындағы әйел, оның күйеуі жұмыс істейді және жұмыс бабымен көп жолға шығып жатады. Бірақ ол ақпан айында коронавируспен ауырып шыққан... Дерттің таралмауы үшін алдын ала қажетті шараларды қабылдап жатырмыз", - дейді Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитар дәрігері науқастың нақты "үнді" штамын жұқтырған-жұқтырмағаны қажетті зерттеулерден кейін анықталатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919059-kobine-zastar-zuqtyrady-beksin-undi-stamy-turaly/

pixel