Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адал болуы керек": Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған шымкенттік полицей туралы жазған едік.

32 жастағы полиция майоры Ғалымжан Қатбаев Шымкент қалалық полиция департаментінде 14 жылдан бері қызмет етіп жүр.

Оның бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері жетерлік.

Айта кетейік, өткен жылы Киев қаласында жауынгерлік джиу-джитсу әлем чемпионаты өткен болатын. Жарысқа дүниежүзінің 25 елінен 200-ге жуық спортшы қатысып, Қазақстаннан барған спортшылар арасында Ғалымжан 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді.

Сонымен қатар 2021 жылдың 25-28-ақпан күндері аралығында Алматы қаласында жауынгерлік джиу-джитсудан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 250-ге жуық спортшы қатысты.

Аталған сайыста Ғалымжан 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалда алматылық спортшыдан ұтылып, екінші орынды місе тұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919063-adal-boluy-kerek-toqaev-policiya-qyzmetkerlerin-kasibi-merekesimen-quttyqtady/

pixel