jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Көшедегі банкоматты жарып жіберіп, 19,2 млн теңгені қолды қылғандарға үкім шықты

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты өткен жылдың желтоқсан айында көшедегі банкоматты жарып, ішінен 19,2 миллион теңге немесе 45 мың доллар ұрлап кеткен екі ер адамға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2020 жылдың желтоқсан айында екі ер адам алдын ала келісім бойынша газ бен оттегіні пайдаланып, көшедегі банкоматты жарып жіберді. Осылайша 19 миллион 276 мың теңгені қолы етті.

Ұрланған ақшаны олар өзара бөлісіп, бизнеске салады.

Оларға қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Аса ірі көлемде ұрлық жасау) бойынша айып тағылды.

Екеуі де өз кінәсін толық мойындады және өз істеріне өкініш білдірді.

Айыпталушылардың біреуі келтірілген шығынның орнын толтырды. Осыған байланысты ол бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұрады. Ал екінші сотталушыға соттың қарауы бойынша жаза тағайындалды.

"Сот үкімі бойынша Ж. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыстың қайталануын ескере отырып, ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. М. де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабы бойынша - үш жас баласының болуы, келтірілген зиянды өтеуі есебімен бес жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады сот.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте қайырымдылық қор жәшігіне жиналған ақшаны алып кеткен алаяқ ұсталғанын жазған едік.

Қала көшелерінің бірінде орналасқан садақа жәшігінен бейтаныс азамат өзін қайырымдылық қорының мүшесі ретінде таныстырып, ішіндегі 5.000 теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткен.

Көшедегі банкоматты жарып жіберіп, 19,2 млн теңгені қолды қылғандарға үкім шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.