Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кемінде 15 тәулікке қамау керек": Тоқаев лифтіні сындырған астаналық туралы айтты

Опубликовано:

жеделсаты
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен, президент әкімшілігі және үкіметтің басшылық құрамымен өткізген жиын кезінде қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм сияқты оқиғалардың жиілеп кеткеніне тоқталды деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы өткен жылыту маусымы барысында болған оқыс оқиғалар, өрт және технологиялық апаттар мәселесіне баса мән берді. Президент төтенше жағдайлардың салдарын жедел жою жұмыстарын қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шаралар қабылдаудың қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Тоқаев қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм сияқты оқиғалардың жиілеп кеткеніне тоқталған.

"Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекет үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет.

Мұндай жағдайларға мүлдем төзбеу керек. Жеңіл жаза жарамайды. Ал іс жүзінде жазаламау салдары құқық бұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керек", – деді президент.

Айта кетсек, өткен демалыстарды әлеуметтік желіде ер адамның тұрғын үйлердің біріндегі лифтінің мониторын әдейі сындырып жатқан видеосы тараған еді. Елорданың полиция департаменті бұзақыны ұстап, оған айыппұл салғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919123-keminde-15-taulikke-qamau-kerek-toqaev-liftini-syndyrgan-astanalyq-turaly-aitty/

pixel