Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тыныс алуы қиындауы мүмкін: Сирек дертке шалдыққан бір жасар балаға шұғыл көмек қажет

Опубликовано:

Аяла
Кадр: КТК

Өскеменде сирек дертке шалдыққан бүлдіршінге шұғыл көмек қажет. Бір жасар Аялаға бұлшық етінің атрофиясы деген диагноз қойылған. Сәби өскен сайын қозғалысы қиындап, жағдайы нашарлап барады деп хабарлайды КТК арнасы.

Аяланы анасы ай-күні жетіп босанған. Бірақ өсе келе балақайдың аяқ-қолы икемге келмейтінін байқапты. Ол бірден астаналық дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ақ халаттылар қыз баланың сирек кездесетін дертке шалдыққанын анықтаған. Енді оның аяққа тұруы үшін әлемдегі ең қымбат дәрі керек.

Бұл препарат АҚШ-та ғана бар. Оның құны 1 миллиард теңге. Егер ол болмаған жағдайда бүлдіршін қозғалыссыз қалуы мүмкін. Ал қарапайым отбасының қымбат дәріні сатып алуға қомақты қаражаты жоқ. Сондықтан қыздың ата-анасы жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

"Балама көмектесіңіздерші. Біз оның асыр салып ойнағанын көргіміз келеді. Препарат алуға ақша болмаған соң, сіздерден көмек сұрауға мәжбүрміз. Ем-домды ертерек жасамасақ, қызымның тыныс алуы қиындауы мүмкін", - дейді Аяланың анасы Алма Құмарбекова.

Аялаға көмек қолын созам деушілер оның анасы Алма Құмарбекованың 8 705 527 77 27 телефон нөміріне хабарласа алады.

Дереккөз: КТК

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда қос бүйрегі істемей қалған азамат жомарт жандардың көмегіне зәру екенін жазған едік.

Одан бөлек, қатерлі ісікке шалдыққан алматылық жігіт отандастарынан көмек сұрап отырғанын жазған болатынбыз. Оның еміне қомақты қаржы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919183-tynys-aluy-qiyndauy-mumkin-sirek-dertke-saldyqqan-bir-zasar-balaga-sugyl-komek-qazet/

pixel