Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұмытқан емеспін": Бір-бірін отыз жылдан соң көрген жан құрбылар көз жасын тыя алмады (видео)

Опубликовано:

Скриншот
Скриншот: "Қымбат жандар" бағдарламасы

Нұр-Сұлтанда бір-бірін отыз жыл бойы көрмеген құрбылар кездесіп, көпшілікті өздерінің берік достықтарымен тәнті етті. Танымал диктор, тележүргізуші Қымбат Досжанның "Қымбат жандар" бағдарламасында кездескен олар, студия қонақтарына студенттік кездерінің қалай өткенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қымбат жандар" бағдарламасына студенттік құрбысы Ұлтуаш Бекшораеваны іздеп келген Зибагүл Қазақбаева, жан құрбысымен қалай танысқанын баяндады.

"Студенттік кезіміз 1986-1989 жылдар аралығында Ташкент қаласында өтті. 10-шы сыныпты бітірген соң, сонда оқуға түстім. Мен ол кезде Өзбекстанда тұратын едім. Ал құрбым Ұлтуаш Жетісайдан еді. Сол құрбыммен Ташкентте байланыс техникумында бірге оқыдық. Сосын бізбен бірге бір сыныптасым оқыды. Онымен әлі күнге дейін араласамыз. Жақында сыныптасым Ұлтуашты теледидардан көріп қалыпты. Нұр-Сұлтанда тұратынын білдік... Сөйтіп, оны тауып, кездескім келді", - дейді Зибагүл Қазақбаева.

Белгілі болғандай, құрбысы Ұлтуаш Ташкенттегі техникумды бітірген соң, елге қайтып, сонда жолдасын кездестірген. Бүгінде бес қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған ол 2008 жылы елордаға көшіп келіпті.

"Біз өзі группада бес қазақ қызы болдық. Екеуі Науаидан болды. Ал Зибагүл, Гүлмира үшеуміз үнемі бірге жүретінбіз, бірге мақта теретінбіз. Мені осында шақырған кезде, бәрі көз алдымнан өтті. Бәрін сағынышпен еске алдым. Көруге асықтым. Зибагүл түк өзгермепті, сол кезде осылай тез жылап қалатын", - деп күлді Ұлтуаш Бекшораева.

Хабар соңында қос құрбы бір-бірін табыстырған бағдарлама ұжымына алғыс айтып, енді айырылмауға сөз байласты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919245-umytqan-emespin-bir-birin-otyz-zyldan-son-korgen-zan-qurbylar-koz-zasyn-tyya-almady-video/

pixel