Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тағы бір өңірінде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар арасында пәтер ойнатылады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Маңғыстау облысында "Екпе ал да, 2 бөлмелі пәтер ұтып ал" акциясы басталды. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасының Facebook парақшасында хабарланған.

Ведомствоның мәліметінше, акцияға 22 маусымнан бастап коронавирусқа қарсы вакцина салдырған тұрғындар қатыса алады.

Ол үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханада екпе салдырып, QR код арқылы сайтқа тіркелу қажет.

Акция бір ай бойы жүргізіледі. Сондай-ақ әр жұма сайын бағалы сыйлықтар ойнатылатын болады. Ал басты жүлде ретінде ұтысқа Ақтау қаласынан 2 бөлмелі пәтер тігілген.

"Науқан тұрғындарға екпенің маңыздылығын түсіндіріп, оны өз еркімен алуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылуда", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сонымен бірге, Ақтау қаласының тұрғыны, мұғалім Гүлнар Сегізбаева акция қорытындысы бойынша пәтер кілті бұйырып қалар деген үмітпен вакцина салдырғанын айтты.

"Жаңа Араб елінің Хаят вакцинасын алдым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Сонымен қатар, бүгін үлкен науқан жүріп жатқанын естіп қуанып қалдым. Өзімнің денсаулығымды қорғай отырып, үлкен бағалы сыйлықтың иегері атанып қалуым мүмкін. Енді акцияның қорытындысын күтемін", - дейді Гүлнар Сегізбаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында елордадан екі бөлмелі пәтердің ұтысқа салынатынын айтқан еді.

Ал Алматыда екпе салдырғандар Дубайға жолдама ұтып алуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919296-elimizdin-tagy-bir-onirinde-covid-19-ga-qarsy-vakcina-saldyrgandar-arasynda-pater-oinatylady/

pixel