Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде дүкенге ойыншық тапаншамен шабуыл жасамақ болған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Тапанша
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде дүкенді ойыншық тапаншамен тонамақ болған ер адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың мәліметінше, Ақтөбе қаласының полициясына дүкеннің 43 жастағы сатушысы арызданған. Ол дүкенге ер адамның тапаншаға ұқсас затпен кіріп, кассадан ақша талап еткенін айтқан.

Сатушы қаскөйге қарсылық көрсетіп, тонаушыны дүкеннен шығарып жіберіп, алдыңғы есікті ішінен жауып алған. Содан кейін тәртіп сақшыларына қоңырау шалған.

Патрульдік полиция наряды қылмыстың ізін суытпай 37 жастағы күдіктіні ұстаған. Ал қылмыс құралы ойыншық тапанша болып шыққан.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 192-бабы, 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы бап бойынша күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көзделген.

Күдікті Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада полицейлер гүл сататын дүкенге ұрлыққа түскен 23 жастағы ер адамды ұстағанын жазған едік.

Гүл сататын дүкеннің иесі ғимаратқа бәзбіреудің ұрлыққа түскенін байқап, полицияға арыз жазған. Байқоңыр ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының арқасында 23 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғынын ұстаған.

Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта гүл сататын дүкеннің терезесін сындырып, ішке кіргені анықталды. Ол жалпы сомасы 800 мың теңге болатын гүл мен жұмсақ ойыншықтарды қолды етіп, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1919302-aqtobede-dukenge-oiynsyq-tapansamen-sabuyl-zasamaq-bolgan-er-adam-ustaldy/

pixel