RU

Экономика министрі азық-түлік бағасын тұрақтандыру туралы айтты

Азық-түлік11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру қадамдары туралы айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мемлекет тарапынан экономиканың нақты секторына кешенді қолдау көрсетіліп отыр. Олар импортты алмастыру, экономиканың өз-өзіне жеткіліктігін арттыру жобаларын қолдауға ие. Осы инвестициялық жобалар елімізде базалық азық-түлік өнімдерді өндіруге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігінде осы бағытта нақты жоспар, инвестициялық жобалар бар. 2024 жылға дейін Қазақстан экономикасы мен халқымызды базалық азық-түлікпен 100 пайыз қамтамасыз ету мақсаты тұр", – деді Әсет Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, бұл салада инсфрақұрылымның тиімділігіне көп жағдай байланысты болады.

"Сондықтан Сауда министрлігіндегі әріптестеріміз ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы жұмыс аясында 24 көтерме-тарату орталықталығын салу іске асырылып отыр. Олар тауарды жеткізу мен сақтаудың заманауи логистикалық желісін құруға негізделген. Бұл қадамдар тауарды өткізуде делдалдарды болдырмауға арналған. Осындай шешімдер өнім сапасына, бағасына әсер етіп, халыққа азық-түлік тауарларының қолжетімдігін арттырады", – деді министр.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдап, азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасын төмендету жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919305-ekonomika-ministri-azyq-tulik-bagasyn-turaqtandyru-turaly-aitty/