Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бала өлімінің екі нұсқасы жарияланды

Опубликовано:

Жарық
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазір Ақтау қаласының 5-шағын ауданында 14 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Мамандар қайғылы жағдайдың екі нұсқасын алға тартты. БІріншісі – бала қоршаудан құлап, көз жұмған, екіншісі – электр тоғынан қайтыс болған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Ғұсман айтты деп хабарлайды Lada.kz.

Шенеунік баланың өлімінің нақты себебі әлі анықталмағанын атап өтті. Сондықтан, жасөспірім жарық бағанасынан электр тоғынан қайтыс болды деп тұжырым жасауға асықпау керек. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деді Серік Ғұсман. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша өлімнің нақты себебі анықталады.

"Бала қоршаудан құлап, сол кезде алған жарақаттан қайтыс болуы мүмкін. Қоршаудың биіктігі 2,5 метр. Баланың бас сүйегінде жарақаттар бар. Жасөспірім соққыдан қайтыс болуы мүмкін. Ата-анасының айтуы бойынша, ол қоршауға шықпақ болған, сосын құлаған. Қазір тұжырым айтуға тым ерте. Баланың өліміне кім жауап беретіні тергеу нәтижелері бойынша анықталады", – деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты қызметтік тергеу де басталған. Электрмен жабдықтаудың, сымдардың және бағандардың жұмысы тексеріледі.

Серік Ғұсман егер жасөспірімнің өліміне электр тоғының соғуы себеп болғаны анықталса, онда тиісті органдар жауап беретінін нақтылады.

Еске салсақ, куәгерлер баланың жарық шамының бағанын ұстаған сәтте оны электр тоғы ұрғанын айтқан еді. Баған білім беру мекемесі қоршауының жанына орнатылғаны белгілі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919308-aqtauda-bala-oliminin-eki-nusqasy-zariyalandy/

pixel