RU

Алматыда 11 адам коронавирустың "үнді" штамын жұқтырды деген күдікке ілінді

ПТР тестілеу
Көрнекі фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Алматыда коронавирустың "үнді" штамын жұқтырған болуы мүмкін адамдар саны артты. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тағы тіркелген жағдайлар туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өздеріңіз білетіндей, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мутацияларды анықтау үшін COVID-19 қоздырғышына күнделікті бақылау жүргізеді. Бүгін ауру жұқтыру деңгейінің күрт өсуі тіркелді, ал жалпы алғанда "дельта" (үнді) штамына оң сынамалардың үлесі 23 пайызға дейін өсті", - деп хабарлайды ведомство.

Егер бұған дейін Алматыда "дельта" штамы бір ғана адамнан анықталса, үш тәуліктен кейін бұл көрсеткіш 10 адамға дейін артқан.

"Осыған байланысты біз бұған дейін де қалалықтарға жүгінген едік. Тағы да үндеу жасаймыз. Түсіністік танытып, коронавирусқа қарсы екпе салдыру керек. COVID-19 "дельта" штамының халық арасында таралуы салдарынан ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің арту қаупі бар екенін тағы бір рет еске саламыз. Сол себепті маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтап, жаппай іс-шаралар мен адамдар көп жиналған жерлерге барудан бас тарту керек", - дейді ведомство.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда COVID-19-дың "үнді" штамы анықталған болуы мүмкін екенін растаған еді.

Сонымен қатар, бүгін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мегаполисте 2013 жылы туған бала "үнді" штамын жұқтырған болуы мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919337-almatyda-on-adam-koronavirustyn-undi-stamyn-zuqtyrdy-degen-kudikke-ilindi/