RU

Елордада шектеу шаралары күшейтілді: Бас санитар дәрігер жаңа қаулыны жария етті

Коронавирусқа тексерілу
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы жария етілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова қаланың "қызыл аймақта" болуын ескере отырып, жаңа қаулыны жариялады.

Қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына отбасылық, еске алу іс-шараларды, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынды. Тек "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуге рұқсат етіліп отыр.

Одан бөлек, "Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет.

Міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беріліп отыр.

Қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс кестесі жұмыс және сенбі күндері штаттық кестеге сәйкес жүргізіледі, ал жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады.

Қаулы 2021 жылғы 27 маусымда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919343-elordada-sekteu-saralary-qatandatyldy-bas-sanitar-dariger-zana-qaulyny-zariya-etti/