Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 5 көлікті ағаш бұтағы басып қалды

Опубликовано:

Көлік
Оқиға орнынан фото: SPUTNIK / СТРИНГЕР

Алматыда Мәншүк Мәметова көшесінің бойында ағаштың бұтағы сынып бес көлікке зақым келді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, қатты соққан желдің салдарынан ағаш бұтағы төменде тұрақта тұрған көліктерге, сонымен қатар, Желтоқсан мен Абылайхан көшелерінің арасында Мәншүк Маметова бойында кептелісте келе жатқан Mersedes-ке құлаған.

Ағаш бұтағы "неміс көлігінің" артқы терезелерін сындырып, жүргізушіге шығын келтірді. Көлік иесі құқық қорғау саласының мамандарын шақырып, тиісті құжаттарды ресімдеді.

Еске сала кетсек, осыған дейін бұндай жағдай Алматыда тіркелген. Сол кезде жол жүру аймағында көліктің үстіне ағаш құлап кеткен болатын.

Күтпеген жағдай өткен жылы 25 шілдеде Медеу ауданы, Қалдаяқов пен Мақатаев көшелерінің қиылысы, "Рахат" кондитерлік дүкенінің жанында орын алған.

Дәл сол күні ТЖД "112" басқару пультіне Mercedes Benz маркалы автокөлігіне ағаштың құлағаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына бірінші болып төтенше жағдай инспекторы келген: ол ағаш құлауының салдарынан ешкім зардап шекпегеніне көз жеткізіп, содан кейін бұл туралы жедел қызметке хабарлаған. Инспектордың сипаттамасы бойынша, ағаш үлкен болғандықтан бүкіл жол жабылып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919377-almatyda-5-kolikti-agas-butagy-basyp-qaldy/

pixel