Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан 538 шақырым қашықта жер сілкінді

Опубликовано:

Жер сілкінісі
Көрнекі фото: Хабар 24

Бүгін таңертең Алматыдан 538 шақырым қашықта жер сілкінді деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазақстанның білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 25 маусым күні Алматы уақытымен 6 сағат 3 минутта жер сілкінісі тіркелген.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 538 шақырым қашықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.5, тербелісі – 4.1. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ" делінген тиісті мекеме таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919383-almatydan-538-saqyrym-qasyqta-zer-silkindi/

pixel