Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тоғыз жасар бала кавасаки тәріздес синдромға шалдықты

Опубликовано:

Бетперде киген бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте кавасаки тәріздес синдромға шалдыққан тоғыз жасар бала жазылып шықты деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Қалалық балалар ауруханасына түскенде жеткіншектің өкпе, бүйрек, бауыр мен орталық жүйке жүйесі сыр берген. Тиісті ем дом алып, үйге шыққан науқас әлі де учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады.

Бұл биыл тіркелген кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромына шалдығудың бірінші жағдайы. Ал былтыр кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромы төрт баладан анықталған. Олар әлі күнге дейін дәрігерлердің қадағалауында дейді пульмонология бөлімінің меңгерушісі.

Мамандар балалар арасында бұл дерт сирек кездесетінін айтады. Былтыр іш өту, ас қорыту жүйелерінің бұзылу белгілері болса, биылғы науқаста дерт жеңіл өткен екен дейді Шымкент қаласы Балалар ауруханасы пульмонология бөлімінің меңгерушісі Ерғали Қалыбаев.

А. Төребекқызы

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасының гематология бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Өскенбаева Кавасаки синдромын қалай анықтауға болатынын айтып берген еді.

"Оның белгілеріне келер болсақ, дене қызуының көтерілуі, жөтел, қан қысымының төмендеуі, ішек ауруы, аяқ-қол ісінуі мүмкін, тыныс алу қиындайды, жүрек соғуы жиілейді", – дейді Ұлжалғас Өскенбаева.

Дәрігер бұл аурудың алдын алу үшін адам көп шоғырланатын орындарға бармау керектігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919406-symkentte-togyz-zasar-bala-kavasaki-tarizdes-sindromga-saldyqty/

pixel