Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ер адам өзінен темекі сұраған жігітті соққыға жығып, несиеге алған ақшасын қолды еткен

Опубликовано:

Төбелес
Көрнекі фото: © Sputnik / Абзал Қалиев

Алматы облысында ер адам көшеде кетіп бара жатқан адамды соққыға жығып, тонап кетті деп хабарлайды Polisia.kz.

22 маусым күні Қарайсай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыстық ауруханадан хабар түскен. Дәрігерлер 27 жастағы жігіттің бас-ми жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған.

Ауруханаға барған жедел-тергеу тобы ер адамға қарақшылық шабуыл жасалғанын, 100 мың теңгесінің ұрлғанғанын анықтаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, Іле ауданы Екпенді ауылының 27 жастағы тұрғынын ұстаған. Күдікті мас күйде болған.

Мән-жайды анықтау барысында күдікті жәбірленушіні аялдамада кезіктіріп, ер адамның одан темекі сұрағаны белгілі болған. Әңгімелесу барысында күдікті жаңа танысының несиеге 100 мың теңге алғанын білген.

Содан кейін ол жәбірленушіні аяғынан шалып құлатып, аяғымен басынан бірнеше соққы жасап, ақшаны алып, оқиға орынан ізін суытқан.

"Полиция қызметкерлері тұтқындау кезінде күдіктіден заттай айғақ ретінде 25 мың теңге тәркіледі, ал қалған ақшаны ол жаратып үлгерген. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 192-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді полициядан.

Күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919429-almaty-oblysynda-er-adam-kosede-zigitti-soqqyga-zygyp-nesiege-algan-aqsasyn-urlap-ketti/

pixel