Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Опубликовано:

Тәртіп
Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды деп хабарлайды Мой город.

Басылым мәліметінше, полиция қызметкері Шыңғырлау ауданында пара алды деген күдікпен ұсталған. Алдын ала ақпарат бойынша, полицей пара ретінде екі тонна цемент алған.

Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл ақпаратты растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармады.

Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мұндай жағдай шынымен тіркелгенін жеткізді.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдаған болатын.

Президентке ведомство жұмысының қорытындылары мен мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919441-batys-qazaqstan-oblysynda-para-aldy-degen-kudikpen-policiya-qyzmetkeri-ustaldy/

pixel