RU

Ақтөбеде жол апатынан аман қалған екі мектеп директоры облыс орталығына жеткізілді

Аурухана1
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде жол-көлік апаты кезінде аман қалған екі мектеп директоры орталыққа жеткізіліп, біреуіне ота жасалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Санавиациямен облыс орталығына жеткізілген бір науқасқа ота жасалды. Оның жағдайы орташа ауыр. Қазір политравма бөлімшесінде емін жалғастырып жатыр. Кеше тағы бір науқас Жедел жәрдем ауруханасына санавиациямен жеткізілді. Ол жансақтау бөлімінде, ал жағдайы тұрақты ауыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде мектеп директорлары отырған көлік жол апатына түскенін жазған болатынбыз.

Оқиға 19 маусым күні сағат 20:20-да Қобда-Ойыл автожолының 156 шақырымында болған.

Көліктегілер – Ақтөбедегі төрт мектептің директорлары. Жол талғамайтын көлік №20 мектеп-лицейдің басшысы, марқұм Бағдат Орынбаеваға тиесілі болған. Болжам бойынша бірақ рөлде әріптесі Альмира Орақова отырған. Екеуі де оқиға орнында қаза болды.

Сонымен бірге, облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы туралы ақпарат берген болатын.

"Екі адам Ойыл ауданы ауруханасына жеткізілген болатын. Біреуінің жағдайы  орташа ауырлықта, ол қалаға жеткізіледі. Енді ауыр жағдайдағы науқасты барып қарау керек", - деген еді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919453-aqtobede-zol-apatynan-aman-qalgan-eki-mektep-direktory-oblys-ortalygyna-zetkizildi/