Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік жүргізушісі велосипед мінген жігітті қағып кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: zakon.kz

Алматыда көлік жүргізушісі велосипед мінген жігітті қағып кетті деп хабарлайды zakon.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Nissan Cefiro көлігі Түрксіб ауданында Майлин көшесінің бойымен келе жатып, аулаға кірген.

71 және 73 үйлер арасындағы ауламен өтіп бара жатып, көлік жүргізушісі велосипед мінген адамды қағып кеткен.

Жол көлік оқиғасы салдарынан 1998 жылғы жәбірленуші тез арада ауруханаға жатқызылды.

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда екі автобус соқтығысып, аяғы ауыр әйел зардап шеккенін жазған едік.

Сонымен қатар, Алматы облысында көлігімен төрт оқушыны қаққан жүргізушіге сот үкімі шыққанын жазған болатынбыз. Сот процесі №2 Еңбекшіқазақ аудандық сотында судья Айнұр Балтақайдың төрағалығымен өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919454-almatyda-kolik-zurgizusisi-velosiped-mingen-zigitti-qagyp-ketti/

pixel