RU

Түркістан облысында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің бас мүфтиі кездесті

Дін
Фото: muftyat.kz

Бүгін Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен халықаралық конференция басталды деп хабарлайды muftyat.kz.

Әбдісаттар Сманов пен Әбдіғаппар Шәкірұлының рухына арналған "Дін руханиятының ұлағатты ұстаздары" ғылыми-танымдық конференциясына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усманхан Алимов, Қырғызстан мүфтиінің міндетін атқарушы Жоробой қажы Шерғазыев, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, облыстың бас имамдары мен медресе директорлары қатысуда.

Алқалы жиын алдымен Смановтар әулетінен дүниеден өткен жандардың рухына Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Құран дұғасы жасалып, Әбдісаттар мен Әбдіғаппар ұстаздардың дін руханияты жолында атқарған еңбегіне тоқталған қысқаша бейнеролик ұсынылды.

Конференцияда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің мүфтилері баяндама жасайды деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919463-turkistan-oblysynda-qazaqstan-ozbekstan-qyrgyzstan-elderinin-bas-muftii-kezdesti/