Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әлем бойынша коронавирусқа қарсы вакцина салу рейтінгінде 42-орында тұр

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар рейтінгінде 42-орынға жайғасты. Мұндай дерек Coronavirus2020.kz Telegram арнасында жарияланды.

Ресми деректерге сүйенсек, 24 маусымдағы жағдай бойынша толық вакцина салдырған қазақстандықтардың үлесі 9,4 пайызды (немесе 1,79 млн адам) құрады, сәуір айының соңында бұл көрсеткіш 0,7 болған еді. Осылайша, Қазақстанда вакцинация науқаны басталғаннан бастап әрбір оныншы адам коронавирусқа қарсы вакцина алған.

Осының арқасында еліміз әлем бойынша вакцина салдыру рейтингінде 60-орыннан 42-орынға көтерілген.

Бұл рейтингті Our World in data ғаламдық деректерінің ғылыми онлайн-басылымы жасаған.

21-24 маусым аралығындағы мәліметке сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар көшін Қытай бастап тұр. Мұнда 223 миллионнан астам адам екпе салдырған. Ал бұл Қытай халқының небәрі 15 пайызын құрайды.

Екінші орында Америка Құрама Штаттары тұр. Мұнда вакцина салдырған азаматтар саны 150 миллионнан асып түседі.

Үшінші орынға Үндістан мемлекеті жайғасқан. Бұл елде коронавирусқа қарсы екпені 51 миллионнан астам адам немесе жалпы халықтың 3,7 пайызы салдырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1445 адам тіркелгенін жазған едік.

Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 414 712-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919472-koronavirusqa-qarssy-vakcina-salu-reitinginde-qazaqstan-42-orynda-tur/

pixel