Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев Алматы қайтадан "қызыл" аймаққа өтуі мүмкін екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қаланың эпидемиологиялық жағдайы туралы сөз қозғады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев маусым айының басында қаладағы эпидемиологиялық жағдай жақсарғанын, нәтижесінде Алматы КВИ бойынша "жасыл" аймаққа өткенін еске салды.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта мегаполисте "үнді" штамының таралғанын растады.

Алматы әкімінің айтуынша, ай басында күніне коронавирус жұқтырған жүзге жуық адам тіркелген. Ал бүгін қауіпті дерт 181 адамнан анықталып отыр.

Осыған байланысты қайтадан инфекциялық жағдайға жылдам көшу үшін қаладағы 3 көпсалалы аурухананы COVID-19-ға байланысты инфекциялық ауруханаға ауыстыру жұмыстарының жүріп жатқаны белгілі болды.

"Жақын арада Алматы "үнді" штаммына байланысты "қызыл" аймаққа ауысуы мүмкін. 400 мыңнан астам адамға вакцина салынады", - деп түйіндеді Сағынтаев.

Айта кетейік, 25 маусымдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары орналасқан.

Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919481-sagyntaev-almaty-qaitadan-qyzyl-aimaqqa-otui-mumkin-ekenin-malimdedi/

pixel