Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге іздеу салынды

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Өскемен-Рахман қайнарлары тасжолында болған.

"Маркасы белгісіз автокөлікті тізгіндеген жүргізуші Алтай ауданындағы Васильевка ауылының тұсында 40 жастағы ер адамды қағып кетті. Жол апатының салдарынан ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырған. Ал кім екендігі әлі анықталмаған жүргізуші болса сол жерден із суытты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес (Көлік құралын басқарған адамның жол жүру ережелерін бұзуының абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысындағы тас жолда адам өліміне әкеп соққан жол апаты болғанын жазған едік.

24 маусымда сағат 04.12 шамасында Қарабұтақ-Комсомол тас жолының 40 шақырымында, Аралтөбе ауылының маңында "Лада Приора" көлігінің 25 жастағы жүргізушісі көлікпен шұңқырға түсіп кеткен.

Алған жарақаттары салдарынан жүргізуші оқиға орнында қайтыс болған. Ал 22 жастағы жолаушы Әйтеке би ауданының орталық аймақтық ауруханасына жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919532-sygys-qazaqstanda-zayau-zurginsini-qagyp-ketken-zurgizusige-izdeu-salyndy/

pixel