RU

Ақтөбедегі төбелес кезінде бір жасөспірімнің мұрны сынып, екіншісі пышақ жарақатын алған

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Екі күн ішінде Ақтөбеде кәмелетке толмағандардың қатысуымен екі рет төбелес болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сонымен, 25 маусымда сағат 04.21-де полицияға 17 жастағы жасөспірімнің ауруханаға пышақ жарақатымен түскені туралы хабарлама келген.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, екі бозбаланың арасында жанжал туындап, оның арты төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде жасөпірімдердің бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Қазір оның жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр.

24 маусымда болған екінші жағдайда 15 жастағы жасөспірім мұрны сынып, медициналық мекеме қызметіне жүгінген.

Полиция бұған дейін кәмелетке толмаған баланың Ақтөбедегі №56 мектептің жанындағы футбол алаңында болғанын анықтаған. Сол жерде жасөспірім мен бейтаныс жігіт арасында жанжал туып, жеткіншек дене жарақатын салған.

Науқасқа қажетті көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы да қалыпты.

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында жастар төбелесіп, 19 жастағы жігіттің жағы сынғанын хабарлаған едік.

Полицияның мәліметінше, ішімдік ішкен жас жігіттермен олардың жанынан өтіп бара жатқаны жігіттер арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 19 жастағы ауыл тұрғынының жағы сынған.

Құзырлы орган аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 1-бөлігі (Денсаулыққа орташа дәрежеде қасақана зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919540-aqtobedegi-tobeles-kezinde-bir-zasospirimnin-murny-synyp-ekinsisi-pysaq-zaraqatyn-algan/