Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа қарсы вакцина салдырған сәтінен видео жарияланды

Опубликовано:

Елбасы
Видеодан кадр: Елбасының баспасөз қызметі

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың вакцина салдырған сәтінің видеосы Елбасының баспасөз қызметінің YouTube парақшасында жарияланды.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

"Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елбасының коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жазған едік. Тұңғыш президенттің таңдауы Қарағандыда өндірілген ресейлік "Спутний V" вакцинасына түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919563-nursultan-nazarbaevtyn-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrgan-satinen-video-zariyalandy/

pixel