Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

100-ге жуық адамға той жасаған мақтааралдық жауапқа тартылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Olx.kz

Түркістан облысы карантинге қарамастан 100-ге жуық адамды жинап, үйлену тойын жасаған тұрғын анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, қазіргі кезде Мақтаарал аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізіп жатыр.

Осыған қарамастан, облыс тұрғындары ағайын-туыс, дос-жарандарын шақырып, ұлан-асыр той жасауларын тоқтатар емес, дейді полицейлер.

Мәселен, мақтаралдық тәртіп сақшылар кешкі сағат 21:00 шамасында жергілікті тұрғынның үйінде үйлену той өткізіп жатқанын анықтады.

Тойға 100-ге жуық адам жиналған.

Мобильдік топ мүшелері жиналған жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды дер кезінде тоқтатты.

Тәртіп сақшылары той иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ға жолдады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919579-100-ge-zuyq-adamga-toi-zasagan-maqtaaraldyq-zauapqa-tartyldy/

pixel