Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласында мерейлі отбасылар марапатталды

Опубликовано:

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

25 маусым күні А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша марапаттау шарасы өтті.

Өнегелі құндылықтарды жаңғырту, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған мерейлі шараға арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов мерейлі отбасыларға қала әкімінің «Алғыс хаты» мен бағалы сыйлықтарын табыс етті.

Асқарбек Есжанов
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Қала әкімінің орынбасары «Бүгін біз рухы биік, санасы сергек Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы тәрбиеленіп келе жатқан қоғамда өмір сүріп отырмыз. Бүгінгі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінде белсенділік танытып, қатысқан әр отбасыға шынайы алғысымды айтамын. Бүгін бір ғана отбасы жеңімпаз атанбайды, қатысушылардың барлығы – еліміздің ең мақтаулы, үлгі тұтарлық отбасылары», - деп ықыласын білдірді.
Фото
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ұлттық конкурстың маңыздылығы артып, қатысушылар саны жыл өткен сайын көбейіп келеді.

Биылдың өзінде байқауға 14 отбасы үміткер ретінде құжат тапсырса, олардың ішінен арнайы құрылған комиссияның шешімімен 5 отбасы іріктелініп алынды.

Фото
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Нәтижесінде 3 отбасы жүлделі орынды иемденіп, 2 отбасы арнайы номинация иегерлері атанды.

І дәрежелі дипломмен Рсалиевтер отбасы;

ІІ дәрежелі дипломмен Қожабековтер отбасы;

ІІІ дәрежелі дипломмен Бахиевтер отбасы;

«Өнегелі отбасы» номинациясымен Сембаевтар отбасы;

«Үлгілі отбасы» номинациясымен Ермановтар отбасы марапатталды.

Фото
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919594-qyzylorda-qalasynda-mereili-otbasylar-marapattaldy/

pixel