Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында полицейлер адам азаптады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Атырау облысында адам азаптады деп күдікке ілінген полицейлер ұсталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Жылыой аудандық бөлімінің 26 жастағы екі жедел уәкілінің ұсталуын Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жүргізген.

Олардың "ұрлық жасады" деген күдікпен қолға түскен Құлсары қаласының тұрғынын күшпен мойындатқаны белгілі болды.

Жауап алу кезінде соққыға жығылған ер адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арызданған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп сақшыларының ұсталғанын растап отыр.

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша, 146-баптың 2-бөлігі 1-тармағы ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған азаптаулар") және 362-бап 4-бөлігі 1, 3-тармақтары (пайда алу мақсатында күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып билікті немесе лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қолға түскендер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, осыған дейін Қарағанды ​облысында полицей жол апатынан қаза тапқанын хабарлаған едік.

Тергеу мәліметтері бойынша, Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі Қарағандыға ​​бағыт алып келе жатқанда көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан ол 35 жастағы тәртіп сақшысы басқарған ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан ВАЗ жолаушылары - 30 жастағы полицей мен 46 жастағы облыс тұрғыны ауыр жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919625-atyrau-oblysynda-policeiler-adam-azaptady-dep-kudikke-ilindi/

pixel