RU

Елімізде тағы 1672 адамнан коронавирус анықталды

індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарға қатысты соңғы мәлімет шықты. Өткен тәулікте 1672 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 556
  • Алматы қаласы - 211
  • Шымкент қаласы - 61
  • Ақмола облысы - 40
  • Ақтөбе облысы - 35
  • Алматы облысы - 32
  • Атырау облысы - 86
  • Шығыс Қазақстан облысы - 76
  • Жамбыл облысы - 37
  • Батыс Қазақстан облысы - 124
  • Қарағанды облысы - 238
  • Қостанай облысы - 39
  • Қызылорда облысы - 33
  • Маңғыстау облысы - 36
  • Павлодар облысы - 20
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 19
  • Түркістан облысы - 29.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 418 114-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1025 адамның індеттен жазылып шыққан белгілі болды.

Айта кетейік, 26 маусымда коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша бірден үш өңір мен Алматы қаласы "қызыл" аймаққа оралды.

Қазір қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, "сары" аймақта Шымкент қаласы және Қостанай, Маңғыстау облыстары тұр.

Еліміздің қалған барлық өңірлері "жасыл" аймақта.

Одан бөлек, аса жұқпалы "үнді" штамының тіркелуіне байланысты Алматыда шектеу шаралары күшейтілді.

Жаңа қаулыға сәйкес, қалада жаппай маска тағу режимі енгізіледі, қоғамдық көлік, такси, метро, әуежай, вокзал, балалар алаңдары, базарлар және басқа да қоғамдық орындарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919630-elimizde-bir-taulikte-1600-den-asa-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/