Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында автобус аударылып, үш адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: pixabay.com

"Самара-Шымкент" тасжолында автобус аударылып, үш адам дәрігер көмегіне жүгінді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты "Самара - Шымкент" тасжолының 916-шақырымында болды.

Жолаушылар автобусы Бөгетсай ауылы маңында аударылған.

"Автобус ішінде 12 жолаушы болған. Оның үшеуі - бала. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін сақтамай, оң жаққа қарай аударылып қалған. Анықталғандай, олар Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауданының Калинин ауылына отбасылық мерекеге бара жатқан.

Үш адам дәрігер көмегіне жүгінді. Оның екеуі жеңіл жараланса, біреуі Ақтөбе қаласы жедел жәрдем ауруханасының травматология бөліміне түсті", - дейді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Плодарда түнде болған жол апаты салдарынан екі адам көз жұмып, тағы үшеуі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген еді.

Поицияның мәліметінше, жол апаты 27 маусым күні сағат 02.55-те Павлодар қаласындағы Астана және Исиналиев көшелерінің қиылысында болған. Сол жерде Toyota Windom мен Лада Гранта" соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "Лада Гранта" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қаза болған.

Жарақат алған 23 жастағы екі азаматша мен 25 жастағы ер адам Павлодардың №1 қалалық ауруханасына жеткізілген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919665-aqtobe-oblysynda-avtobus-audarylyp-us-adam-auruxanaga-tusti/

pixel