Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызыл" аймаққа енген Қарағанды облысында 1 шілдеден бастап карантин күшейтіледі

Опубликовано:

індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысында 1 шілдеден бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша, өңірде эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін ойын-сауық мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің, мәдениет объектілерінің қызметіне тыйым салынады.

Ал демалыс күндері сауда үйлері, фитнес-орталықтар, сауналар мен моншалар жұмыс істемейді.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар, отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, туған күндер, шығарып салу, "құдалық", той, "беташар" және басқалар) оның ішінде үйде өткізуге және ондай шараларға баруға тыйым салынады.

Бұл ретте адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат жоқ.

Бірақ "Ashyq" жүйесі арқылы жұмыс істейтін банкет залдарына, мейрамханалар мен дәмханаларға ас беруге және келушілерге қызмет көрсетуге рұқсат.

Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, дереу үйде медициналық көмекке жүгіну қажет.

Сондай-ақ, тұрғындар қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте сапар шегу кезінде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң ұстануы тиіс.

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы 2021 жылғы 1 шілде күні, сағат 00-ден бастап күшіне енеді. Қаулымен толығырақ сілтеме арқылы таныса аласыз.

Айта кетейік, 26 маусымда Қарағанды облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл аймаққа" оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919667-qyzyl-aimaqqan-engen-qaragandy-oblysynda-1-sildeden-bastap-karantin-kuseitiledi/

pixel