Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да ерлi-зайыптылар иіс тиіп уланып, көз жұмды

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында екі адам иіс тиіп уланып, қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 25 маусым күні Тайынша ауданының Горькое елді мекенінде болған.

112 қызметіне ауылдағы үйлердің бірінде пешті дұрыс жақпау салдарынан екі адамның – 1977 жылғы ер адам мен оның 1982 жылғы әйелінің қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.

Ведомство келтірген деректерде ерлі-зайыптылардың иіс тиіп, уланып қалғаны айтылады.

Олардың 2007 жылы туған ұлы ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Марқұмдардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бірнеше күн бұрын үйдегі пеш жөнделіпті, бірақ іс соңына дейін жеткізілмеген. Соның салдары қайғылы жағдайға алып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1919689-sqo-da-erli-zaiyptylar-iis-tiip-ulanyp-koz-zumdy/

pixel