RU

Оралда жаппай төбелес болып, бес адам полицияға жеткізілді

Төбелес
Көрнекі фото: © Sputnik / Абзал Қалиев

Оралда топ болып төбелескен бес адам полицияға жеткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 маусымда сағат 16.50-де болды. Автобустан қала орталығындағы әмбебап дүкені аялдамасынан түскен адамдар төбелесіп қалған.

Бес адам Абай полиция бөліміне жеткізілді. Соның ішінде екеуі мас күйінде уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылуда.

Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында адам азаптады деп күдікке ілінген полицейлер ұсталғанын жазып едік.

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша, 146-баптың 2-бөлігі 1-тармағы ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған азаптаулар") және 362-бап 4-бөлігі 1, 3-тармақтары (пайда алу мақсатында күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып билікті немесе лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919690-oralda-zappai-tobeles-bolyp-bes-adam-policiyaga-zetkizildi/