Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында тас жолға жақын жерде жартас опырылды (видео)

Опубликовано:

Көрнекі
Видеодан кадр: instagram.com/yknews.kz

Шығыс Қазақстандағы тас жолдардың біріне жақын жерде жартас опырылып түсті деп хабарлайды YK-news.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарық көрген.

Келеңсіз жағдай Өскемен - Алтай тас жолында орын алды.

Бұны көрген оқырмандар қатты қорыққандарын жеткізген.

"Өте қорқынышты", "Қауіпті", "Көліктердің өтпегені қандай жақсы болды", "Абайлап, сақтанып жүру керек" , "Көлік қозғалысына кедергісін келтірді" деді олар.

"Хабар 24" телеарнасының мәліметінше, қазіргі уақытта жол тазартылып үлгерген.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда түнде болған жол апаты салдарынан екі адам көз жұмып, тағы үшеуі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген еді.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 27 маусым күні сағат 02.55-те Павлодар қаласындағы Астана және Исиналиев көшелерінің қиылысында болған. Сол жерде Toyota Windom мен Лада Гранта" соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "Лада Гранта" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қаза болған.

Жарақат алған 23 жастағы екі азаматша мен 25 жастағы ер адам Павлодардың №1 қалалық ауруханасына жеткізілген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919696-sygys-qazaqstan-oblysynda-tas-zolga-zaqyn-zerde-zartas-opyryldy-video/

pixel