Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 11 адам көз жұмды
Опубликовано:

27 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 15 және 1 өлім жағдайы тіркелді деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы.
28 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 001 адам коронавирус инфекциясынан (–22 707 + және 1294 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 307 пациент стационарда, 16 694 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 474 адамның жағдайы ауыр,
- 98 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 66 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
1 тамыздан бүгінге дейін коронавирус пневмониясына барлығы:
- шалдықты – 56 940 адам,
- қайтыс болды – 984,
- жазылып шықты 52 203 науқас.
Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 26 маусымда коронавирус індетінен ел өңірлерінде 10 адам көз жұмды.
Жалпы, 13 наурыз – 26 маусым аралығында Қазақстанда коронавирусқа:
- шалдықты - 419 800;
- қайтыс болды - 4316 адам.
Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1686 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясы анықталғандар саны 419 800-ге жетіп отыр.
Оған қоса, Қарағанды облысында 1 шілдеден бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі.
Өңірде эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін ойын-сауық мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің, мәдениет объектілерінің қызметіне тыйым салынады. Ал демалыс күндері сауда үйлері, фитнес-орталықтар, сауналар мен моншалар жұмыс істемейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919717-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-bir-taulikte-11-adam-koz-zumdy/