RU

Банкке маскасыз кірген адамға оқ атқан күзетшінің әрекеті жұртты шошытты

Үндістан
Фото: Twitter / Musheer360

Үндістанда банк күзетшісі маска тағудан бас тартқан қаржы ұйымының клиентіне оқ атты деп хабарлайды life.ru.

India Today мәліметінше, көптің ашуын тудырған оқиға Уттар-Прадеш штатында болған.

Теміржол қызметкері Раджеш Кумар банкке бетпердесіз кіруге тырысқан екен. Алайда қаржы ұйымының күзетшісі оны тәртіпке бағынуға шақырған. Осылайша, екеуінің арасында жанжал туындап, банк қызметкері клиентті тапаншасымен атып тастапты.

Ес-түссіз қалған Раджеш Кумардың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта банк күзетшісі қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, 24 сәуірде "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшінің аяғынан атып, кейін пәтерінде жасырынып қалған болатын.

Бұл жайттан соң полиция күдіктіні тұтқындау операциясын ұйымдастырып, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарады. Ал оқ атушы азамат полицейлермен келіссөз жүргізуден бас тартып, қолындағы қарумен бірге 17-қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті.

Кейін марқұм жайлы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғындары айтып берген еді.

Олардың сөзінше, марқұм дивандарды қайта қалпына келтіріп, сатумен айналысқан. Ал сол күні күзетші мен марқұм арасындағы жанжал дәл осы диванға байланысты туындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919718-bankke-maskasyz-kirgen-adamga-oq-atqan-kuzetsinin-areketi-zurtty-sosytty/