Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда үш жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Опубликовано:

бала терезе1
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар ұл бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 27 маусым күні сағат 20.30-да С.Меңдешев көшесі 11-мекенжайында орналасқан бес қабатты үйде болған.

Ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар бала терезеден құлап кетті. Ауруханаға жатқызылған бөбектің жағдайы орташа. Ол жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 20.30-да шақыртылып, бригада бес минуттан кейін жетті. Бала облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

"Бас пен мидың жабық жарақатын алған баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Аурухананың травматология бөліміне жатқызылды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетсек, Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 7 бала терезеден құлап кетті, олардың біреуі қаза болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласының 14-шағын ауданында 2-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2017 жылы туған қыз бала құлап кеткенін жазған едік.

Оқиға 24 маусым күні кешкі уақытта болған. Ведомство атап өткендей, ол кезде бүлдіршіннің анасы көрші бөлмеде болған екен.

Түрлі дене жарақатын алған қыз бала медициналық мекемеге жатқызылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1919750-oralda-us-zasar-bala-usinsi-qabattyn-terezesinen-qulap-ketti/

pixel