Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау қашан енгізіледі

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау кейінге шегерілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 1 шілдеден 1 қарашаға ауыстырылғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұндай шешім сала өкілдерімен өткізілген кеңес нәтижесі бойынша қабылданыпты.

2021 жылдың 1 қарашасынан бастап таңбаланбаған аяқ киімді өндіруге және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.

"Ал бөлшек сауда бизнесінде таңбаланбаған тауарлардың қалдықтарын сату үшін 2022 жылдың 1 қарашасына дейін қосымша уақыт бар", - деді цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры.

Бикеш Құрманғалиеваның сөзінше, аяқ киімді цифрлық таңбалауды шілде айынан бастап енгізу мәселесі талқыланғанда көптеген импорттаушы күз-қыс маусымына шетелдік өндірушілерден алдын ала жарты жылға ерте тауарларға тапсырыс беретінін айтқан. Ал көктемде берілген тапсырыс 1 шілдеге дейін Қазақстанға жеткізілмей қалуы ықтимал. Осыдан кейін осы шараны кейінге шегеру шешімі қабылданды.

"Енді нарықта жаңа нормаларға мұқият дайындалу үшін тағы бес ай және таңбаланбаған тауарлардың қалдықтарын сату үшін бір жылдан астам уақыт бар. Бизнес үшін тәулік бойы цифрлық таңбалау бойынша жедел желі жұмыс істейді. Цифрлық экономиканы дамыту орталығы үнемі мамандандырылған вебинарлар өткізеді, сала өкілдеріне жеке кеңестер береді", - деді ол.

Аяқ киімді цифрлық таңбалау бойынша барлық ақпарат markirovka.kz порталында бар. Кез келген  кәсіпкер өзіне қажетті ақпаратты алып, алдағы өзгерістерге дайындала алады. Кеден қоймалары да міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге даярланып жатыр. Алдағы уақытта кедендік рәсімдер кезінде шетелдік зауыттарда таңбаланбаған тауарға Data Matrix цифрлық коды бар стикерлер немесе этикеткалар жапсырылатын болады.

Айта кетейік, тауарларды цифрлық таңбалау – бұл ЕАЭО деңгейінде жүзеге асырылатын ұлтаралық жоба.

Ал аяқ киім саласы елімізде міндетті цифрлық таңбалау енгізілетін алғашқы салалардың бірі.

Осы шара нарықтағы контрафактілік өнімдерді азайтады деген жоспар бар.

Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша аяқ киімнің көлеңкелі нарығы жалпы көлемнің шамамен 48,5%-ін құрайды.

Міндетті таңбалаудың арқасында осы көрсеткішті төмендетуге мүмкіндік бар. Ал тұтынушылар

Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы таңбаланған тауардың түпнұсқалығын оңай тексере алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919776-qazaqstanda-ayaq-kiimdi-mindetti-cifrlyq-tanbalau-qasan-engiziledi/

pixel