Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО тұрғыны балконнан диван лақтырып жіберді (видео)

Опубликовано:

ШҚО тұрғыны диван лақтырып жіберді
Видеодан кадр: altaynews.kz

Өскемен қаласының тұрғыны тоғызыншы қабаттағы балконынан диван мен қоқысын лақтырып жіберді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға күні кеше Гагарин бульварында орналасқан 36-шы үйде болды. Ер адам тоғыз қабатты үйдің балконынан алдымен диванын, одан кейін қалған қоқысын лақтырған. Куәгерлер оқиғаны видеоға жазып алып, әлеуметтік желіде таратып тастаған.

Бұл жағдай тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады.

"Аталған факт бойынша қаланың 40 жастағы тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзшылықтар туралы кодексінің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттама толтырылды" ,- деп мәлімдеді Өскемен қалалық полиция басқармасының өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919791-sqo-turgyny-balkonnan-divan-laqtyryp-ziberdi-video/

pixel